КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.37.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
16 Наурыз 2010, 14:52
Қандыағаш прокурорлары еңбек заңнамасын бұзудың 350-дей фактісін анықтады
АҚТӨБЕ.  Наурыздың 16-сы.  ҚазАқпарат /Самал  Ендібаева/ -    Қандыағаш көлік прокуратурасы  жүргізген   тексерулердің барысында,    2010 жылдың  І  тоқсанында    кәсіпорындарда еңбек  заңнамасын   бұзудың 350-дей фактісін  анықтады.  Атап айтқанда,  прокурорлық  ықпал  ету актілері  бойынша  жұмысшыларға  жалақы  бойынша  11 миллион  теңгеден  астам     берешектер төленді.

Атап айтқанда,     Шұбарқұдық    жолы дистанциясы,   Қандыағаш    локомотив депосы,   «ҚамқорВагон» ЖШС-інің  Шалқар  вагон жөндеу   депосы,   «Қамқор Менеджмент»  ЖШС-нің   Шалқар  локомотив жөндеу   депосы,   Жем   локомотив   депосы,   «Қызылжар 2030» ЖШС-і сияқты кәсіпорындардың  жұмыстары тексерілді.

Қандыағаш  көлік прокуроры  Нұрболат  Қатуовтың айтуынша,  анықталған   заң бұзушылықтардың  ішінде  -   жұмысшыларға жалақының,     жыл сайынғы  еңбек  демалыстары ақысының   уақтылы төленбеуі,   қызметкерлердің атқарып отырған   лауазымдарына  сәйкессіздігі,   жұмысшылардың арнайы киімдермен,   жуу  және  зарарсыздандыру     заттарымен   қамтамасыз  етілмеуі, жұмыс орындарында     санитарлық-эпидемиологиялық  және      өртке  қарсы   талаптардың сақталмауы, т.б.   фактілер    бар. 

Тексерулердің  қорытындысы  бойынша     заң бұзушылықтарды   жою  туралы 11    ұйғарым  енгізілді,   20-дан  астам лауазымды  тұлға      тәртіп   жауапкершілігіне   тартылды,     кәсіпорындар  мен  заңды тұлғалардың   басшыларына  қатысты 12  әкімшілік-өндіріс іс   қозғалды, қолданыстағы  еңбек заңнамасына қайшы келген  300  бұйрық   реттелді,  жұмысшыларға   жалақы  бойынша     11 миллион теңге соманың берешегі   өтелді, 835 адамның  конституциялық құқықтары  қорғалды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.