КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.31.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
16 Наурыз 2010, 12:56
Астанада «Әйел денсаулығы - ұлт денсаулығы» атты республикалық конференция өтті
 АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ана болуға дайындалып жүрген әйелдердің 70 пайызы түрлі созылмалы аурулармен ауырады. Осының салдарынан дүниеге келетін сәбилердің де денсаулығы нашар болатыны белгілі. Ана мен баланың өлімін азайту бағытында нақты шаралар бүгін Астанада «Әйел денсаулығы - ұлт денсаулығы» атты республикалық конференция жұмысында сараланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған «Нұр Отан» ХДП, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрілігі және «Қазақстан әйелдер ұйымдарының альянсі» өкілдері қатысты.

«Ұлттың денсаулығы бүкіл елдің қорғанышы, қауіпсіздігі. Сондықтан Елбасы бұл мәселеге үлкен мән мен маңыз беріп келеді. Президент өзінің биылғы халыққа Жолдауында денсаулық сақтау жүйесіне ЖІӨ-нің 4 пайызына жуық қаражаттың бөлінуіне қол жеткізу керектігін айтты. Бүгінгі уақыттың өзінде соңғы жылдары бұл салаға жұмсалатын қаржының көлемі 4 есеге дейін артты. Ұлттың саулығын қамтамасыз ету үшін тағы не істеуіміз керек?! Неге әйелдерде қатерлі ісік ауруы өршіген?! Жүрек-қан тамырлары аурулары санының өсуіне не себеп?! Бүгін осы мәселелер талқыға салынып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте көрініс таппақ», дейді Мәжіліс депутаты Айткүл Самақова.     

Жиын барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әсел Нүсіпова, әйелдерді әлеуметтік қорғау саясаты жайында кеңінен баяндама жасады. Оның айтуынша, Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі дамытылуда. Биыл әйелдердің әлеуметтік қорғалуына 920 млрд. теңге қарастырылған.

Конференция соңында қатысушылар мемлекеттік медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту, әйелдердің еңбек жағдайлары және әлеуметтік кепілдемелер, сонымен қатар ана мен баланы қорғау, әйелдердің денсаулығын сақтаудағы алдын алу тетіктерін құру, қоғамның әлеуметтік қорғалуы және отбасы іргесін нығайту, әйел денсаулығын сақтау және жақсартудың экономикалық-әлеуметтік және басқа факторларға оң әсер етуге бағытталған заңдық нормаларды жасақтау бойынша резолюция қабылдады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.