КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.18.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
16 Наурыз 2010, 11:26
Үкімет басшысы авиация және тікұшақтар арқылы медициналық көмек көрсетудің арнайы жүйесін құру тапсырмасын берді
 АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов авиация және тікұшақтар арқылы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы жүйені құру тапсырмасын берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен арнайы тапсырма беремін. Ол көлік және коммуникация, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар министрліктеріне қатысты. Еліміздің денсаулық сақтау бағдарламасы аясында екі тапсырманы жүктеймін. Біріншісі - авиация және тікұшақтар арқылы ауруларға көмек көрсету жүйесін құруға негізделіп отыр», деп атап өтті Премьер-Министр.

«Бұл Қаржы министрлігіне де қатысты. Себебі, бұл шаралар нәтижесінде қаржыға келіп тіреледі», деді К. Мәсімов. Осы тұрғыда Үкімет басшысы облыстар бойынша тікұшақтар санын анықтау керектігіне тоқталған Премьер-Министр, бұл жұмыстар тікұшақ техникасын жаңартуға, сондай-ақ тікұшақтарды сатып алуға негізделіп отырғанын атап өтті.

«Бұл шаралар жаңа тікұшақтар арқылы жедел көмек көрсетуге арналып отыр», деді Премьер-Министр.  Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, екінші мәселе - автомобильдер түрінде көмек көрсетудің мобильдік пункттерін құруға арналатынын айтты. «Атап айтқанда, жедел түрде осы екі мәселені шешу үшін жақын арада аталған нұсқауларды есептеп шығу қажет», деді К. Мәсімов.

Осы тұрғыда Үкімет басшысы екі аптаның ішінде бұл мәселелерді қарастырып, тиісті есептеулерді жасауды тапсырды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.