КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.28.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
15 Наурыз 2010, 20:50
Қостанай облысының әкімі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде бастама көтеріп, аймақ тұрғындарына үндеу тастады
ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин халыққа үнеу тастап, су тасқынынынан зардап шеккен Алматы облысындағы Ақсу ауданының тұрғындарына қолдан келген көмегін көрсетуге шақырды. Әкім қостанайлықтарды «отандастарымыздың басына түскен қиыншылыққа үн қосуға» шақырды, олар үй-күйсіз, киімсіз қалып, жеке мүліктерінен айрылды. Қостанай облысының БАҚ-ында зардап шеккендердің банктік есепшоты жарияланды.

Үндеу Мемлекет басшысының наурыздың 12-сінде орталық және атқарушы билік басшылары алдында сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерге байланысты жедел кеңес кезінде жарияланды.

С.Кулагин бірінші кезектегі міндеттер - су тасқынына қарсы шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алуларды дер кезінде өткізу, мектепке дейінгі балаларға білім беру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болмақ.

«Аймақтың алдында бұрын бекітілген мектеп құрылыстары, ауруханалар, мәдениет нысандары құрылысы, әлеуметтік мекемелерді жөндеу міндеттері тұр, - деді әкім. - Әсіресе Жеңістің 65 жылдығына арналған шараларды тиісті деңгейде өткізуге тиіспіз».


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.