|
15 Наурыз 2010, 17:43 Ақтау базарларында Қытайда өндірілген ыдыстардың зияндылығы тексерілді АҚТАУ. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/- Ақтау базарларында қытай ыдыстарының зияндылығы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық санитарлық -эпидемиологиялық департаментінің мәлімдемесіне сүйене отырып. Қытайда шығарылған ыдыс-аяқтарға радиологиялық зерттеу жүргізу мақсатында Маңғыстау облыстық санитарлық- эпидемиологиялық департаментінің мамандары қала базарларындағы ыдыстардың сынамасын алды. Алынған сынамалар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің сараптау орталығына жолданып, онда радиологиялық зертханадан өткізілді. «Біз арнайы рейдтік тексеру жүргізу барысында Қытайда шығарылған ыдыстардың сынамасын алып, зертханалық тексерістер жүргіздік. Алынған сынамаларды тексеру нәтижесінде олардың радиологиялық фонының өз көрсеткішінен ауытқымағанын анықтадық», дейді МО санитарлық-эпидемиологиялық департамент директорының орынбасары Гүлжан Сүйіндікова. Пiкiрлер (0)
|
|