|
15 Наурыз 2010, 17:34 Ақтауда «Жастар Жолдауды қолдайды» тақырыбында жастар форумы өтті АҚТАУ. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтаудағы Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Жастар Жолдауды қолдайды» тақырыбында жастар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Басқосуға 500-ге жуық студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамы және Білім министрлігінің өкілдері қатысты. Форумда Елбасымыздың Жолдауындағы білім саласына арналған маңызды бағыттар талқыланып, жоғары білім сапасын арттыру мәселесі сөз болды. Президент биылғы жолдауында «Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болуы жастарымыздың біліміне байланысты. Сондықтан жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс», деген болатын. Заманауи технологияны меңгеру ісіне Каспий технологиялар және инжиниринг университеті де өз үлесін қосып келеді. Білім ордасы Каспий маңы елдерінің студенттеріне халықаралық талапқа сай білім беруде. Университет жаңа заман технологияларымен қамтылған, оқу-зертханалық базалары соңғы үлгіде даярланған, сондай-ақ университет әлемнің белді оқу орындарымен тығыз байланыста. Студент жастар форумда Жолдау туралы өз ойларын ортаға салды. 1-ші сәуірден бастап шәкіртақының өсуі және жастарды басқа да бағытта қолдау бізді жігерлендіре түседі», дейді жастар. «Өзіміздің кадрларды даярлау арқылы бәсекеге қабілетті болуымыз қажет деген үлкен мақсат қойдық. Яғни Қазақстан осы жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына байланысты еліміз сыртқы саясатта үлкен беделін арттыру арқылы өзіміздің студенттер, жоғары оқу мамандары бұл істі толық деңгейде жүзеге асыруға міндетті деп мақсат қойдық», дейді студенттік парламент төрағасы Рай Кесікбаев. Пiкiрлер (0)
|
|