КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.11.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
15 Наурыз 2010, 15:52
2020 жылға қарай Қазақстанда 163,5 млн. тоннаға жуық мұнай өндіру болжанады - Мұнай және газ вице-министрі
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2020 жылға қарай Қазақстанда 163,5 млн. тоннаға жуық мұнай өндіру болжанады. Бүгін «Қазақстанның Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалары» атты тақырыпта өткен конференция барысында Мұнай және газ вице-министрі (бұрынғы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі) Әсет Мағауов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы Қазақстанда мұнай өндіру 76,5 млн. тоннаны құрады. 2015 жылға қарай еліміздегі мұнай өндіру көлемі 97,6 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланады, ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 163,5 млн. тоннаға дейін жуықтауы болжанады», деді Ә. Мағауов.

Сонымен бірге, вице-министр өткен жылы мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңарту бағдарламасы қабылданғанын атап өтті. Осыған орай, бүгінгі күні  Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың бірінші сатысы қолға алынған. Ал Павлодар мен Шымкент зауыттарына техникалық сараптаулар жасалуда. Бұл ретте вице-министр Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта жаңартуға қатысты инвестицияны еуропалық компаниялар ұсынып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша,  2014 жылға дейін Қазақстандағы мұнай өңдеу саласында еуро-3 стандарты енгізілсе, 2016 жылға қарай еуро-4 стандартын енгізу жоспарланады.  


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.