КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.31.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
15 Наурыз 2010, 15:02
Алдағы жылдары Қазақстанда газ өндіру көлемі арта түседі - Мұнай және газ вице-министрі
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы жылдары Қазақстанда газ өндіру көлемі арта түседі.

Бүгін «Қазақстанның Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалары» атты тақырыпта өткен конференция барысында Мұнай және газ вице-министрі (бұрынғы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі) Әсет Мағауов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы Қазақстанда газ өндіру 36 млрд. текше метрді құрады. Бұның ішінде тауарлы газ өндіру 19,6 млрд. текше метрге жетті. Сонымен бірге, газ ресурстары жинақталған Теңіз, Қарашығынақ, Қашаған секілді негізгі ірі кен орындарының ағымдағы технологиялық өндіру схемасының басым жағдайында кенді тиімді өдіру шаралары қамтылып отыр. Дегенмен, бұндай технологиялық схемаларға болашақта өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өйткені, алдағы перспективада Қазақстанда газды өндіру көлемі арта түседі деп болжанады. Осыны есепке ала отырып, еліміздің газ құбырлары схемасын дамытуды белсенді түрде жүргізу қажет», деді Ә. Мағауов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның газ саласына айтарлықтай инвестиция құйылды.  Соның нәтижесінде Түрікменстан-Қазақстан-Қытай газ құбырының бірінші кезегі аяқталды. Ал ағымдағы жылы Батыс Қазақстан өңірін Қытай шекарасымен жалғастыратын Қазақстан-Қытай газ құбырын салу қолға алынады. Бұдан бөлек,  үшжақты келісімдер нәтижесінде Түркіменстан-Қазақстан-Ресей арасында Каспий маңы газ құбырын салу туралы келісім жасалған. Бұның тасымалдау қуаты жылына 20 млрд. текше метр газды құрайды. Түркімен тарапы аталған газ құбырының қуатын 40 млрд. текше метрге  дейін арттыру туралы өтініш жасаған болатын. Бұл тасымалданатын қазақстандық газдың көлемін 10 млрд., түркімен газының көлемін 30 млрд. текше метрге дейін арттыра түседі.   


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.