|
15 Наурыз 2010, 14:07 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы Салидат Зикенқызы мен «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығының төрағасы Светлана Савченко аталмыш құжатқа қол қою арқылы бүгін Денсаулық сақтау министрлігі мен тұтынушылар лигасы арасындағы байланыстарды ресми түрде жариялады. «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығының төрағасы Светлана Савченконың атап көрсеткеніндей, ұйым денсаулық сақтау саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға атсалысып, тұрғындардың қолжетімді және сапалы ем алуына, Денсаулық сақтау министрлігі мен халық арасындағы байланысты орнатуға қызмет жасайды. Ол үшін жергілікті жерде тұтынушылар лигасы «Нұр Отан» партиясымен бірге жұмыс атқаратын болады. Тұрғындардың тарапынан түскен ұсыныстар, пікірлер міндетті түрде сарапталып, қатталып, министрлікке жолданады. Арыз-шағымдар түскен жағдайда тексерістер жүргізіліп, оның шығу себептері сараланады. «Қазақстандық тұтынушылар барлық жақсы игіліктерге ие болуға лайық деп санаймын», дейді С.Савченко. «Кері байланыстың арқасында біз дәрігерлердің, меморгандардың ғана емес, адамдардың түсініктерін өзгерткіміз келеді. Олардың қызмет тұтынумен ғана шектелмей, өз денсаулықтарына, жанұясының денсаулығына аса жауапкершілікпен қарап, халық ақшасы қайда жұмсалып жатқандығынан, қай бағдарлама адамдардың қай санатына арналғандығынан хабардар болып жүрсе екен дейміз», деп атап көрсетті ол. Пiкiрлер (0)
|
|