
|
15 Наурыз 2010, 13:47 Былтыр Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты сауда айналымы 30 млрд. доллардан асты - А. Судьин ![]() АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Былтыр Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты сауда айналымы 30 млрд. доллардан асты. Бүгін «Қазақстанның Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалары» атты тақырыпта өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын арттыруы еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндеттеріне толық сәйкес келеді. Мәселен, соңғы бес жылдағы көрсеткіштер бойынша Қазақстанның шетелдік сауда әріптестерінің арасында ЕО бірінші орынды сақтап келеді. Бұның ішінде, тек өткен жылдың өзінде Қазақстан мен ЕО екіжақты сауда айналымы 30 млрд. доллардан асқандығын атап өтуге болады. ЕО, сондай-ақ Қазақстанның ірі инвестициялық әріптесі болып отыр. Қазақстан экономикасына салынған шетелдік капиталдың үштен бір бөлігін ЕО инвестициясы құрайды. Сондықтан да, алдағы уақытта да Еуропалық әріптестерімізді Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіндегі ірі жобаларды жүзеге асыруға белсенділік танытады деп сенеміз», деді А. Судьин. Сонымен бірге, ағымдағы жылы Қазақстанның «2020-Стратегиясы» қолға алынғанына тоқталған сенатор, бұл бағыттың негізгі бағдары Елбасы Жолдауында көрсетілгенін айтты. Пiкiрлер (0)
|
|