
|
15 Наурыз 2010, 13:32 Әлемдік экономика мен саясатта көшбасшы позицияны ұстанған Еуропалық Одақ Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі - А. Судьин ![]() АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Әлемдік экономика мен саясатта көшбасшы позицияны ұстанған Еуропалық Одақ Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады. Бүгін «Қазақстанның Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалары» атты тақырыпта өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - бұл тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктерінің әділ мойындалуы ғана емес, сонымен бірге құрлықтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөлін де білдіреді. Бұндай беделді құқыққа иеленгеннен кейін Қазақстан сенімді әріптестік және беделді еуразиялық мемлекет ретіндегі мәртебесін де одан сайын нығайта түсті. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - бұл мемлекеттердің дамуы үшін серпінді қадам, Еуропа елдерімен ынтымақтастығымызды одан әрі дамыта түсудің қуатты католизаторы әрі бірегей мүмкіндігі. Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен демократиялық реформаларды одан әрі кеңейте түсуде, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда, инвестиция мен алдыңғы қатарлы технологияны тартуда, заңнамаларын жетілдіруде өзара байланысты кеңейте түсуді жоспарлайды», деді А. Судьин. Сонымен бірге, сенатор әлемдік экономика мен саясатта көшбасшы позицияны ұстанған Еуропалық Одақты Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі ретінде атап өтті. Оның айтуынша, бұның негізі Қазақстан мен ЕО арасындағы жасалған ынтымақтастық пен әріптестік туралы келісім, ЕО мен Орталық Азия елдерінің жаңа стратегия, сондай-ақ парламенттік ынтымақтастық желісіндегі диалог болып табылады. Пiкiрлер (0)
|
|