КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.51.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
15 Наурыз 2010, 13:25
Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Мінсіз» халықтық сапа белгісіне ие болды
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығы Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне «Мінсіз» халықтық сапа белгісін табыс етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш университет халықтық сапа белгісіне ие болған Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны. «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығының төрағасы Светлана Савченконың айтуынша, оқу ордасы базасында тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық ұйымы құрылады. Оған азаматтық ұстанымы жоғары ұстаздар мен оқушылар тартылып, университет пен жұртшылық арасындағы байланысты күшейтуге қызмет етпек.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстанның білім беру нарығындағы көш басшы оқу орындарының қатарында саналады. Онда білім алып жатқан студенттердің 70 пайызы мемлекеттік грант бойынша оқып жүр. Ал 1,5 мың оқушы «Алтын белгі» иегерлері мен халықаралық олимпиада және ғылыми байқаулардың жеңімпаздары.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.