|
15 Наурыз 2010, 13:18 Ақсу ауданында су тасқынынан қаза тапқан әр адамның отбасына 500 мың теңгеден материалдық көмек беріледі - облыс әкімдігі ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Ақсу ауданындағы төтенше оқиғаға байланысты, Қызылағаштағы су тасқыны кезінде қаза тапқан әр адамның отбасына 500 мың теңгеден материалдық жәрдем беріледі, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен, баспанасынан, малынан, басқа да мүлкінен айрылған отбасының әр мүшесіне 121 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады. Бұдан бұрын хабарлағандай, мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Қызылағаш селосында жаңа үйлер салынатын болады. Зардап шеккен бірқатар үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бірде-бір тұрғын көмексіз қалмайды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен. Пiкiрлер (0)
|
|