КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.13.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
15 Наурыз 2010, 13:15
Елімізде итбалықтардың саны өте үлкен қарқынмен азайып келеді - қоршаған ортаны қорғау вице-министрі
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде    итбалықтардың  саны өте үлкен қарқынмен азайып келеді. Оған адам өміріндегі күнделікті тұрмыс-тіршіліктен келетін зиянды әрекеттер себеп болып отыр. Бұл туралы бүгін Каспий жағалауы елдерінің сарапшыларының итбалықтарды қорғауға арналған ерекше аймақ құру жөніндегі аймақтық кездесуінде қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасова мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның  сөзіне қарағанда, теңіздегі жалғыз ғана сүтқоректі жануардың жоғалып бара жатқанына адами факторлар арқылы келетін зияннан басқа да себептер баршылық. «Мысалы, біз Каспийден өте белсенді түрде балық аулаудамыз. Ал балық итбалықтардың ең негізгі қоректерінің бірі. Сонымен қатар қазір климаттың өзгеруі де олардың өсу қарқынына зиянын тигізіп отыр», деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы бірнеше жылда Каспийде мұздықтар деңгейі өте күрделі қалыптасып отыр. Бұл өз кезегінде итбалықтардың көбеюіне зардабын тигізуде. Өйткені жаңа туылған итбалықтың баласы мұзда ғана аяғынан тік тұрып кете алады. Сонымен қатар бұл үдеріс  теңіз жануарының иммундық жүйесіне де әсерін тигізеді. «Бұған қоса айта кететін мәселе, біз соңғы уақытта жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне мониторинг жүргізіп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар да итбалықтардың көбеюіне өзіндік зардабын тигізуде», деді Е.Сәдуақасова.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.