КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.33.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
15 Наурыз 2010, 12:42
Ақпараттық саясат туралы әдістемелік оқу құралы жарыққа шықты
АЛМАТЫ. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясаты: болашаққа көзқарас» атты әдістемелік оқу құралының тұсау кесері өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО кафедрасы мен «Әріптес» алматылық үкіметтік емес ұйымдар бірлестігі  мемлекеттік ақпарат саясаты бойынша бірқатар іс-шараларды өткізген болатын. Мәселен, Қазақстандағы ақпарат саясаты тақырыбында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ұстаздары Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Орал, қалаларындағы БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттеріне шеберлік сыныптарын өткізген. Сонымен қатар аймақтардағы ақпараттық саясат туралы зерттеу жүргізген. Бүгін тұсауы кесілген кітап осы шаралардың қорытындысы бойынша жарық көріп отыр. Кітапта ақпараттық кеңістік туралы зерттеу жұмыстары, аймақтарда өткізілген шеберлік сыныптары туралы материалдар, БАҚ өкілдері арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері берілген.

Кітап студенттерге, ұстаздарға, журналистер мен әлеуметтанушыларға арналған.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.