КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.59.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
15 Наурыз 2010, 11:36
Футбол: «Ақтөбе» Қазақстанның Суперкубогының иегері атанды
 АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  Ақтөбенің «Ақтөбе» футбол клубы  Қазақстанның Суперкубогының иегері атанды.

Жексенбі күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өткен матчта «Ақтөбе» Атыраудың «Атырау» командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбеге» жеңіс сыйлаған голдарды ойынның 42-ші минөтінде Струков  және 80-ші минөтінде Аверченко соқты. Осылайша «Ақтөбе» өз тарихында осымен екінші мәрте Суперкубокты жеңіп алды. Кубокты «Ақтөбе» командасының капитаны Самат Сымақовқа Ұлттық футбол лигасының басшысы Сейілда Байшақов табыс етті.

Айта кетейік, Қазақстан Футбол федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, Қазақстанның Суперкубогын алдыңғы маусымда премьер-лига командалары арасында чемпион атанған және Қазақстан кубогын жеңіп алған командалар өзара сарапқа салады. 2008/2009 жылғы маусымда «Ақтөбе» 26 ойында 65 ұпай жинап, ел чемпионы атанған болатын. Ал, «Атырау» болса финалда Қарағандының «Шахтер» командасын жеңіп, былтыр Қазақстан кубогының иегері атанды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.