КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.50.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
15 Наурыз 2010, 11:21
Экономистер отбасы бақытын қамтамасыз етудегі әйелдердің жылдық үлесін 652 мың долларға бағалап отыр
АСТАНА.  Наурыздың 15-і.  ҚазАқпарат  -  Бала тәрбиелеу,   үйді таза ұстау  және    отбасы  бақытын қамтамасыз  ету  жөніндегі      қазіргі заманғы еурпалық әйелдердің   еңбегі   қанша  тұрады  деген сауалға  жауап іздеген    британдық    экономистер,   әйелдердің   отбасы-ошақ басындағы еңбегін   жылына  652 мың АҚШ  долларға бағалап   отыр. 

 Бұл туралы "Дейли телеграф"  газеті  жазуда. 

Зерттеу    жұмыстарының барысында    социологтар мен  экономистер    әйелдердің  отбасында  тегін   атқаратын, бірақ   сәйкес қызметтер   қолданыстағы прейскурант бойынша    сағатына ақы  алатын      жұмыстардың     құнын  анықтаған.  Сөйтсе,    әйелдер  жылына     27 мың долларға  ыдыс-аяқ және кір жуады,  97 мың   долларға тамақ  әзірлейді,    18 мың  долларға  бала тәрбиелейді екен. Оған қоса,     келіншектер   автокөліктің  руліне  отырып    үй  шаруашылығын  жүргізумен  және    балаларды мектепке  жеткізумен байланысты  басқа да  жұмыстар  атқарып,   45  мың   доллардың жұмысын атқарса,    бухгалтерлік есеп-қисапты   жүргізіп  30 мың  доллардың  жұмысын  істейді.

Британдық  социологтар    әйелдердің   отбасындағы  «рухани ролін»    45 мың  долларға    бағаласа,  түрлі  отбасылық істердегі   «кеңесшілік»   қасиетін    225 мың  долларға бағалап  отыр. 

Бұл   есепке   сонымен  бірге,  отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету,  дүкенге  бару,     отағасына    кеңестер беру сияқты  «қызметтер де» кіріп  отыр.   Нәтижесінде,  егер  әйелдер отбасында атқарылған   жұмыстары үшін  ақы  алатын болса,    онда жыл сайын 652 мың доллар    тапқан болар еді,  дейді  сарапшылар. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.