
|
13 Наурыз 2010, 17:01 Таразда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті ![]() ТАРАЗ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық әкімдігінде ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі А.Бектұровтың, аудан әкімдерінің, облыс әкімдігі басқармалары мен мердігерлік ұйымдар басшыларының қатысуымен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыруда іс-қимылды үйлестіру жөніндегі көшпелі штабтың отырысы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Мердігерлік ұйымдардың басшылары және құрылысты қадағалау жөніндегі кеңесшілер жасалған жұмыстар жөнінде баяндады. Автотрасса өтетін аудандардың әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жерлерді мәжбүрлеп алу, «проблемалық» меншік иелерінің құрылыстарын сот тәртібімен алу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар әртүрлі карьерлерді рәсімдеуге қажетті рәсімдерді аяқтауды шапшаңырақ жүргізу, жергілікті орындарда мердігерлік компаниялардың проблемаларын шешуге жәрдемдесу қажеттігі туралы айтты. Облыстық геология және жер пайдвлану инспекциясына жер қойнауын уақытша беру құқығын ұсынуға жәрдемдесу тапсырылды. Құрылысты қадағалайтын кеңесшілерге мердігерлік ұйымдардың ұсынатын жұмыс көлемі туралы өтінімдерді келісу, дайындалатын материалардың сапасына бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды, деді А.Бектұров. Пiкiрлер (0)
|
|