|
13 Наурыз 2010, 16:16 Көксарай су тоспасы су тасқынына қарсы режімде жұмыс жасауда - «Қазселденқорғау» ММ бастығы Тоқтарбек Баймолдаев ШЫМКЕНТ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Көксарай су тоспасы су тасқынына қарсы режімде жұмыс жасауда және биылғы қыста екі оңтүстік облыстың елді мекендерін су тасқынынан қорғап қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне толығырақ ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бастығы Тоқтарбек Баймолдаев әңгімелеп берді. Оның айтуынша, су қоймасы аңғары толық әзірленді. «Біз Су ресурстары комитетінің кестесіне сәйкес секундына 300 текше метр Сырдария суын аламыз. Бүгінде 454 миллион текшеметр (наурыздың 12-сіндегі мәлімет) су жиналды. Бас құрылғы, су жіберетін жабдықтар, барлық арналар, барлық көпірлер салынды. Ұзындығы 45 шақырымдық плотина түгел салынып бітті. Көксарай су тоспасы су тасқынына қарсы режимде жұмыс жасауда», - деді ол. Биылғы қыс мол сулы болды. Сырдарияның Шардара су қоймасына құятын жоғарғы ағысы кейде секундына 1500 шаршы метрден асты. Ал ақпанның басында-ақ Шардара ернеуіне дейін толды. Бірақ ағыс төмендеген жоқ. «Біз артық суды тоспаға ала бастадық. Көксарай су тоспасының арқасында су тасқынына және Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарына жайылуына жол бермедік», - дейді Т.Баймолдаев. «Бүгінде Көксарай 1 миллард текше метрге дейін суды қабылауға әзір. Біз бұл көлемді наурыздың 25-іне дейін аламыз, одан әрі суды Аралды толтыруға жібереміз. Суды толық жіберуді кесте бойынша мамырдың 10-ында бастаймыз. Бәрі де аңғарлардың, Сырдария арнасының мұздан ашылуына байланысты», - деді Т.Баймолдаев. - Плотина бойынша жұмыстар толық аяқталды. Мамырдың 15-інен бастап плотинаның жанын бетондаймыз. Бұл жұмыстар 2010 жылы аяқталады. Сонда келесі қыста Көксарай 3 миллиард текше метрге дейін су қабылдай алады, - деді ол. Пiкiрлер (0)
|
|