|
13 Наурыз 2010, 13:41 Астанадағы ҚазАТУ-да студенттер арасында факультетаралық спартакиада өтіп жатыр АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде спорттың 9 түрінен студенттердің факультетаралық спартакиадасы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Университеттің қалыптасқан дәстүрлеріне жататын бұл спартакиаданың мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерді жаппай спортпен және дене тәрбиесімен шұғылдануға ынталандыру, сондай-ақ дарынды спортшыларды анықтау болып табылады. Спартакиада спорттың - волейбол, мини-футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қол күресі мен қазақ күресі, кір тасын көтеру және президенттік көпсайыс түрлері бойынша өтуде. Жарыстар алдағы сәуір айының 28-іне дейін жалғасады. Оның соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталатын болады. Пiкiрлер (0)
|
|