КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.27.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
13 Наурыз 2010, 10:19
Бизнес-форум «Шикізатқа бағытталудан - бәсекелестікке қабілетті экономикаға» тақырыбына арналды - Көкшетау
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы әкімдігінің мәжіліс залында «Шикізатқа бағытталудан - бәсекелестікке қабілетті экономикаға» тақырыбында өткізілген бизнес-форумда кәсіпкерлекті одан әрі дамыту және оған мемлекеттік қолдау көрсету жайы қарастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«АВF-2010» облыстық бизнес-форумына кәсіпкерлікті қаржылай қолдау республикалық құрылым өкілдері, аудандар мен қалалар әкімдері, облыстық ведомстволар мен мекемелер басшылары, қоғамдық ұйымдар мен баспасөз өкілдері, кәсіпкерлер қатысып, қаралған мәселелелер төңірегінде ой бөлісті. Басқосу барысында қатысушылар 2010-2014 жылдарға арналған өңірдің өндірістік-инновациялық дамуы, 2020 жылға дейінгі «Бизнестің жол картасы»,  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамының өңірдегі тұсаукесері, Беларус, Ресей, Қазақстан бірыңғай Кедендік одағы, бизнеске әкімшілік кедергіні төмендету, тауарлар сатып алу мен қызмет көрсетуде отандық үлестің басымдылығы, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру турасында пікір алмасып, тиісті ұсыныстар қабылданды. Өңірде бизнесті одан әрі өркендету мақсатымен облыс әкімдігі бюджеттен 150 миллион теңге, ал «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамы 300 миллион теңге мөлшерінде қаржы бөлу турасында уағдаласты. Несиелік қаржы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мен өңдеуге, сүт қабылдайтын арнаулы орындар мен өндірістік басымдықтағы қасапханалар ашуға, тігін және тоқыма өнеркәсібіне, мектепке дейінгі білім беруге, балықты өңдеу мен балық өнімдерін шығаруға бағытталмақ.

Тауарларды сатып алуда, жұмыс беру мен қызмет түріндегі отандық мазмұнды молайту мақсатымен аймақтағы шаруашылық субьектілері мен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы арасында меморандумға қол қойылды


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.