КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.44.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
13 Наурыз 2010, 09:54
«Ұлттық спорт түрлері» - Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия ғалымдарының Павлодардағы конференциясы
ПАВЛОДАР. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Жеке адамның әлеуметтік бейімделуін қалыптастыруда ұлттық спорт түрлері» деген тақырыпта Қазақстанның, Ресейдің, Моңғолияның және Қытайдың ғалымдары Павлодар мемлекеттік институтында наурыздың 26-сында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда талқылайды,

деп хабарлады институттың баспасөз қызметі.

Басты назар ұлттық спорт түрлерінің әдістемелік проблемаларына және ат спорты мамандарын даярлаудың ғылыми-педагогикалық қырларына аударылмақ.  

Ұлттық спорт түрлері - қарапайым жаттығулардан бастап спорттың олимпиадалық түрлеріне дейінгі дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі. Бүгінде республикада 200 мыңнан астам адам қазақша күреспен, тоғызқұмалақпен және ат спортымен айналысуда.

Конференция қатысушылары үшін «Ат әбзелдері» көрмесі әзірленуде. Конференция материалдары ғылыми мақалалар жинағы түрінде жарық көрмек.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.