КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.50.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
13 Наурыз 2010, 09:00
Футбол: Ертең Астанада «Ақтөбе» мен «Атырау» Қазақстанның Супер кубогын өзара сарапқа салады
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  Ертең «Астана-Арена» стадионында футболдан 2010 жылғы Қазақстанның Супер кубогы матчы өтеді. Супер кубокты Премьер-лига командалары арасында өткен маусымда ел чемпионы атанған  Ақтөбенің «Ақтөбе» және  Қазақстан кубогын жеңіп алған Атыраудың «Атырау» командалары сарапқа салады,

деп хабарлайды қазАқпарат.

Бұл ойын наурыздың 14-і күні сағат 14-те басталады. Айта кетейік, Қазақстан Футбол федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, Қазақстанның Супер кубогын алдыңғы маусымда Премьер-лига командалары арасында чемпион атанған және Қазақстан кубогын жеңіп алған командалар өзара сарапқа салады. 2008/2009 жылғы маусымда «Ақтөбе» 26 ойында 65 ұпай жинап, ел чемпионы атанған болатын. Ал, «Атырау» болса финалда Қарағандының «Шахтер» командасын жеңіп, былтыр Қазақстан кубогының иегері атанды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.