|
12 Наурыз 2010, 21:29 Қостанайда аудандық ІІБ бастығының орынбасары тұтқындалды ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда Қарасу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары тұтқындалды. ІІД баспасөз қызметінің түсіндірмесінде пара алуға күдікті полицейді ұстау жөніндегі операцияны ҰҚК департаментінің қызметкерлері ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесе жүргізген. ІІД баспасөз қызметінің бастығы Елена Кашаринаның айтуынша, «бүгінгі таңда болған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша оны ІІБ бастығының орынбасары қызметіне ұсынған адамдарға қатысты қатаң шаралар қолданылады. Пiкiрлер (0)
|
|