КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.08.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 17:08
Екібастұз ГРЭС-2 бойынша Ресей Внешэкономбанкімен және Еуразиялық Даму банкімен келісімге қол қою шаралары наурыздың аяғында іске асырылмақ
  АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салуға байланысты Ресей Внешэкономбанкімен және Еуразиялық Даму банкімен келісімге қол қою шаралары наурыз айының аяғында іске асырылмақ.

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу жобасы бойынша жұмыстар аяқталуда. Бас жобалаушымен келісімшартқа қол қойылды. Жақын арада Ресей Внешэкономбанкімен және Еуразиялық Даму банкімен несиелік келісімге қол қойылады»,-деді әкім.

Б. Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, аталған несиелік келісімге наурыздың соңы мен сәуірдің басы аралығында қол қойылады.

«Жалпы алғанда, энергетика бойынша 2014 жылдың соңына қарай электр энергиясын өндіру 1,3 есеге артады. Өсім шамамен 1 мың 890 мгВт құрайды»,-деді облыс басшысы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.