КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.51.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 16:53
Павлодар облысында бағдарлама аясында 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ - Б. Сағынтаев
 АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Павлодар облысында 2010-2014 жылдарға арналған үдетілген индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыру облыстың экономикасына 900 миллиард теңгеге жуық қаржыны тартуға мүмкіндік береді. Жобалар іске қосылғаннан кейін 8 мыңға тарта тұрақты жұмыс орындары құрылады. Жалпы алғанда, 2010 жылы 153 миллиард теңгенің 24 жобасы іске қосылмақ.

«Биылғы жылы жаңа 7 жобаны жүзеге асырудың белсенді фазасы басталады. Ондағы инвестиция 379 миллиард теңгені құрайды. Барлық 7 жаба «Самұрық-Қазына» қорының қатысуымен жүзеге асырылмақ»,-деді әкім.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.