КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.25.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 16:06
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің филиалы ашылады
 АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің филиалы ашылады. Қазіргі уақытта келіссөздер мен ұйымдастырушылық кезеңдері жүріп жатыр.

Бұл туралы наурыздың 12-сінде Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Михаил Чубуков  ЕҰУ-нің студенттерімен кездесуі кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде М. Чубуков Украина мен Қазақстан арасындағы тарихи байланыстары мен экономикалық қарым-қатынастарының бүгінгі жағдайы жайында мағлұмат берді. Сонымен қатар студенттерге екі ел басшыларының соңғы жылдардағы келісімдер негізінде жүзеге асырылмақ серпінді жобалар, халықаралық маңызы бар стратегиялық қадамдар туралы тақырыптар қызықтырды. Украинадағы жастар саясаты, студенттерге арналған әлеуметтік бағдарламалары, елшіліктің мәдени және саяси шаралары сөз болды.

Киев университеті халықаралық рейтинг бойынша Орталық және Шығыс Еуропадағы ең үздік 100 университеттердің санатында. 175 жылдық тарихы бар университеттен талай ғұламалар мен ұлттың зиялы тұлғалары түлеп ұшқан. Бүгінде оқу ордасының 158 кафедрасында 2 мыңнан аса ғылыми-педагогикалық және 1 мыңға тарта ғылыми қызметкерлер жұмыс жасайды.   

Еске сала кетейік, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің базасында В. Ломоносов атындағы ММУ жұмыс жасап жатқаны белгілі.    


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.