
|
12 Наурыз 2010, 14:48 Мемлекет басшысы Алматы облысының су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан қазаға ұшырағандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады ![]() АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Ақсу ауданындағы «Қызылағаш» су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. «Адам өліміне әкеліп соққан Алматы облысының Ақсу ауданындағы «Қызылағаш» су қоймасында орын алған апат туралы хабарды қайғыра қабыл алдым. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың туғандары мен жақын туыстарына, сондай-ақ апат салдарынан зардап шеккендердің барлығына қайғырып көңіл айтамын», делінген көңіл айту жеделхатында. Пiкiрлер (0)
|
|