КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.06.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 15:33
Мемлекеттік органдарда жыл сайын 30 пайызға жуық қызметкерлер ауысады - А. Мусин
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жалпы мемлекеттік органдарда жыл сайын 30 пайызға жуық қызметкерлер ауысады.

 Бұл туралы бүгін Ақордада өткен кеңесте ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде мемлекеттік қызметкердің жалақысы жеткілікті деңгейде жоғары. Еліміз бойынша орташа алғанда бір орынға конкурс 5 адамнан асады. Мемлекеттік қызмет мәртебелі болып отыр»,-деп айта келе Аслан Мусин кадрларды іріктеу және орналастыру шаралары кәсіби тұрғыда емес екенін сынға алды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінде  қызметкерлердің тек үштен бір бөлігі ғана ауыл шаруашылығына қатысты білімі бар. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігіндегі әрбір екінші адамның сәйкес білімі бар»,-деді Әкімшілік басшысы.

«Өткен жылы мемлекеттік органдардағы әрбір екінші комитет төрағасы ауысты. Жалпы мемлекеттік органдарда жыл сайын 30 пайызға жуық қызметкерлер ауысады»,-деді А. Мусин.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.