КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.39.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
12 Наурыз 2010, 14:20
Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясаты туралы жаңа оқу құралы жарық көрді
АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 15-і күні Қазақтың  әл-Фараби атындағы  ұлттық университетінде  «Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясаты: болашаққа көзқарас» атты әдістемелік оқу құралының тұсаукесері өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.                                                                              

     Ол Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 2009 жылғы әлеуметтік маңызы бар лот - «журналистерге мемлекеттік ақпараттық саясатты оқыту семинарларын өткізу» тендері аясында  әзірленіп отыр. Әдістемелік оқу құралы  қоғамдық ұйымдар мен университеттің  ЮНЕСКО кафедрасының  бірлескен алғашқы тәжірибесі. Оны жүзеге асыру кезінде    -  Қазақстанның ақпараттық саясаты мен  ақпараттық кеңістіктің даму үрдісі туралы  таныстырылымдар  әзірленді. Астана,  Алматы, Талдықорған, Өскемен, Тараз, Орал қалаларында шеберлік дәрістері жүргізілді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында  мемлекеттік саясаттың болашағын насихаттау мақсатында оқыту модулі мен әдістемелік ұсыныстар даярланды. Енді  мемлекет бойынша тәжірибе бөлісу мақсатында оқыту-әдістемелік оқу құралын шығарылып отыр. Онда түрлі мемлекеттердегі ақпараттық саясаттың даму тарихы мен жұмыс тәжірибесі туралы айтылған. Оқу құралы  педагогтарға, журналистерге, саясаткерлерге, әлеуметтанушыларға және қоғамдық өмір мен масс-медианың жаңартылуы мәселесі қызықтыратын өзге адамдарға арналған.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.