КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.00.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 14:04
Н. Назарбаев ағымдағы жылдағы 70 жылдық мерейтойын мерекелеуге тыйым салды
 АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдағы 70 жылдық мерейтойын мерекелеуге тыйым салды. 

 Бұл жайлы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен  өтіп жатқан Индустриялық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Президенттің ешқандай  мерейтойы болмайды. Егер кімде-кім 70 жылдыққа орай шараларды ұйымдастыратын болса, мен оны жұмыстан босатамын. Ешқандай да  дайындық керек емес. Кәдімгі қала күнін мерекелейтін боламыз», деп атап өтті Елбасы.

 Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына әзірлену керектігін қадап айтқан Н. Назарбаев: «Егер осыны орындасаңыздар, мен сіздерге алғысымды білдіремін. Сондай-ақ индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру жалпы сыйлық болады», деді.

 «Сондықтан да мерейтойға қатысты арнайы шараларды өткізудің қажеті жоқ. Осыны назарда ұстауларыңыз керек», деді Мемлекет басшысы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.