|
12 Наурыз 2010, 13:52 Жамбыл облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы тағайындалды ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өкімімен Мырзахан Байбеков экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен. Мырзахан Ниязбекұлы Байбеков 1953 жылы туған. С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Соңғы жылдары ол Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, «Базис-А» корпорациясының вице-президенті, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономиканы дамыту департаментінің директоры болып қызмет еткен. Пiкiрлер (0)
|
|