|
12 Наурыз 2010, 13:48 Елбасы Жолдауының бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызы зор ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауының бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызы зор. Бұл туралы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының директоры Гүлара Омарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30, туберкулез дертін 20 пайызға азайту міндетін қойды. Биылдан бастап бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу де халықтың денсаулығын нығайтып, медицина қызметін жетілдіруді көздейді. Еліміз бен өңірдегі медицина мекемелеріндегі оң нәтижелер болашақта Елбасы қойған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Биыл денсаулық сақтау жүйесінде аурудың алдын алуға, азаматтарды қауіпсіз дәрі-дәрмекпен және тағаммен қамтамасыз етуге баса назар аударылмақ. Биыл сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қорытындыланады. Осы кезеңде белгілі бір табыстарға қол жеткізілгені даусыз. Ендігі міндет - соны байыта беру. Бұл орайда әр адамның өз денсаулығына ұқыпты қарап, салауатты өмір салтын ұстануы да сол іске қосылған үлес болмақ. Пiкiрлер (0)
|
|