
|
12 Наурыз 2010, 13:34 Елімізде Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылды, оны Ж. Айтжанова басқарады ![]() АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган - Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылды. Оны бұрынғы Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова басқарады. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен өткен Индустриялық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының айтуынша, бүкіл сауда-саттық мәселелері осы министрлікке беріледі. «Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты сауда саясаты стратегиялық маңызға ие болуда. Сондықтан Индустрия және сауда министрлігінен сауда саясаты осы министрлікке беріледі. Өңірлік дамудың жаңа саясаты да осы министрлікке жүктеледі», деді Елбасы. Пiкiрлер (0)
|
|