КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.58.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 13:30
Еуропа Шығыс әлемін әлі толық білмейді - профессор Серік Мәшімбаев
         АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/  - Еуропа тарихындағы шығыс әлемінің рөлі әлі айқындалып болған жоқ. Бұл жайлы бүгін  Алматыда  өтіп жатқан "Ықпалдастық пен қайта құру үрдісіндегі Орталық Азия мен Еуропа тарихының тұжырымдамалық мәселелері" деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда айтылды, 

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

     "Еуропа Шығыс әлемін әлі толық білмейді. Бұған  Еуропа пен Шығыстың арасындағы біржақты байланыс  өз ықпалын тигізді. Себебі, Шығыс елдерінің көбі ұзақ уақыт бойы Еуропаның отары болды. Отарлық империялардың әруақытта түпкі мақсаты - өзге халықтарды кемсіту,  тілі мен   мәдениетінен айырып,  құбыжық жасау. Соның нәтижесінде күні бүгінге дейін осы тарих сол күйінде жазылып келе жатыр. Бірақ олар түк білмейді деуге болмайды. Бейбарысты әлемге танытқан Қазақстан емес, Еуропа елдері. Ғұндардың көсемі - Еділ патшаны да жақсы біледі. Енді олар білмеген тарихты біз жазумыз керек", дейді тарих ғылымының докторы Серік Мәшімбаев. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті профессорының айтуынша,   тарихта Еуропаға  Шығыс әлемінің әсері түбінде  толық дәлелденеді. Бұл үшін    біз біліммен жан-жақты қаруланып,  шет тілін жетік білуіміз керек.  Ғалымдар Еуропа елдеріне барып дәріс оқып, шет тілдерінде кітаптар жазуы қажет. Әзірге ол өз деңгейінде емес. Дегенмен сең бұзылды. Жастар шет елдерде оқып, түрлі дерек көздері бойынша ғылыми еңбектер жазуда.  Мәселен, "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында былтыр біздің оқытушыларымыз  Австрия, Венгрия, Германия сияқты елдерге  барып қайтты", дейді Серік Мәшімбаев.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.