|
12 Наурыз 2010, 13:28 Атырауда таксишілер полиция көмекшілері атанды АТЫРАУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Атырауда полицейлер таксомоторлық парктермен меморандумға отырды. Атырау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, жекеменшік таксомоторлық кәсіпорындардың әлеуеттері қылмыстар туралы ескертуге, олардың алдын алуға және бетін ашуға жұмылдырылғалы отыр. Атап айтқанда, тәулік бойы көшеде жүретін таксишілер өздері куә болған кез-келген төтенше оқиға туралы рациямен диспетчерге хабарлайтын болады. Ал диспетчер алынған ақпаратты өз кезегінде ішкі істер органдарының кезекшілігіне хабарлайды. Полициямен ынтымақтастық туралы меморандумға 10 таксомоторлық кәіпорынның өкілдері қол қойып отыр. Пiкiрлер (0)
|
|