|
12 Наурыз 2010, 13:25 Шығыс Қазақстанның Абай ауданына гуманитарлық керуен келіп жетті СЕМЕЙ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Қатал қыстың ызғарынан зардап шеккен Шығыс Қазақстанның Абай ауданының малшыларына гуманитарлық көмек тиелген керуен келіп жетті. Бұл жолғы көмек Зырян ауданының тұрғындарынан келді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары Ольга Вишнякованың айтуынша, ауылдарға 20 тоннадай жем-шөп, дизельдік отын, гуманитарлық көмектер жөнелтіліп отыр. Автокеруенді ұйымдастыруда бірқатар шаруа қожалықтарының басшылары мен жеке кәсіпкерлер ерекше бәлсенділік танытты, дейді О.Вишнякова. Пiкiрлер (0)
|
|