
|
12 Наурыз 2010, 13:20 Ә. Исекешев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі болып тағайындалды ![]() АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әсет Исекешев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен өткен Индустриялық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының айтуынша, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мұнайлы емес саланы дамыту үшін құрылып отыр. Бұл министрлікке бүкіл электр энергетикасы, тау-кен, атом, өңдеуші өнеркәсіп салалары берілетін болады. Пiкiрлер (0)
|
|