|
12 Наурыз 2010, 13:16 Қазақстанда жаңа мемлекеттік органдар - Мәдениет министрлігі, Байланыс және ақпарат министрлігі құрылды АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда жаңа орталық мемлекеттік органдар - Мәдениет министрлігі, Байланыс және ақпарат министрлігі құрылды. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен өтіп жатқан Индустриялық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекет басшысының айтуынша, Мәдениет министрлігін бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, ал Байланыс және ақпарат министрлігін Қазтелеком компаниясының президенті Асқар Жұмағалиев басқаратын болады. Пiкiрлер (0)
|
|