|
12 Наурыз 2010, 13:14 «Алаш» қозғалысына арналған шығармалардың тұсаукесері болды - Семей СЕМЕЙ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің акт залында Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы дайындаған шығармалардың тұсаукесері болды. Жұртшылықтың назарына тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықовтың «Алаш қаласының тарихы», филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетовтың Шәкәрім және Сұлтанмахмұт», «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Т.Шаңбайдың «Ұғым мәдениеті» атты кітаптары ұсынылды. Осынау шара барысында, сондай-ақ Семей қаласының Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бірлесіп әзірлеген «Алаш Орданың Шығыс бөлімі» құжаттар жинағы да таныстырылды. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының директоры Гүлнұр Қасымованың айтуынша, құрастырушылар ұжымы, материалдарды жинастыра отырып, Алаш Орданың Шығыс бөлімі қозғалысының қызметіне қатысты ақтаңдақтардың орнын толтыруды және оқырмандарды осынау тарихи кезеңдегі оқиғалармен егжей-тегжей таныстыруды мақсат еткен.
Айтып кететін бір жайт бұл кітап Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында сақталып келген құжаттардың және Семейде 1917-1920 жылдары басылған мерзімдік басылымдардың негізінде құрастырылып отыр. Олардың басым бөлігі алғаш рет жариялануда. Пiкiрлер (0)
|
|