|
12 Наурыз 2010, 13:11 Шығыс Қазақстанның республикалық және облыстық маңыздағы жолдарында көлік қозғалыстары жабылды ӨСКЕМЕН. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанда тас жолдарды қалың қардың басып қалуы салдарынан республикалық және облыстық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлады төтеше жағдайлар қызметінен. Өскемен-Алматы, Қарағанды-Аягөз-Бұғаз, Өскемен-Зырян, Таскескен-Үржар-Мақаншы-Бақты, Зайсан-Боран-Қалжыр-Теректі, Семей-Қайнар, Омбы-Майқапшағай жолдары, сондай-ақ облыстық маңыздағы Күршім-Қалжыр және Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха жолдары жабылып отыр. Төтенше жағдайлар қызметі наурыздың 12-сінде өңірде боран болатыны туралы халықты алдын-ала ескертті. Желдің екпіні қатты, әсіресе Жарма ауданында оның жылдамдығы 28 метр/секундқа дейін жетіп отыр. Таулы аудандарда қар көшу қаупі сақталуда. Бүгін түстен Өскемен-Самара тас жолында қолдан қар көшіріледі деп жоспарлануда. Пiкiрлер (0)
|
|