|
12 Наурыз 2010, 13:04 Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан бюджетінде 81 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қарастырылып отыр ШЫМКЕНТ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан бюджетінде 81 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қарастырылып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінен. Бұл тізімде - бүгінгі таңдағы ең қажетті нысандар: 4 ауыл ауруханасы, 2 жедел жәрдем ауруханасы және 1 туберкулез диспансері бар. Сондай-ақ, тағы бір жедел жәрдем стансысы, 36 медициналық амбулатория, 35 медициналық қосын құрылмақ. Онымен қатар 27 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осынау шаралардың арқасында, облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық жарақталуының орташа көрсеткіші жыл бойына 33,9 пайыздан 40 пайызға дейін өседі деп жоспарлануда, республикалық орташа көрсеткіш - 44 пайыз. Пiкiрлер (0)
|
|