КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.42.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 12:51
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды
 ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып,

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, қаржы полициясының генерал-майоры Андрей Лукин тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылдауға келген жиырмадан астам адамның арызы негізінен алаяқтардан алданып қалу, шағымды тексеруде сөзбұйдалыққа салыну, тұрғын үйге меншік құқығы және жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетіне қатысты болды. Андрей Лукин қай шағымның да қараусыз қалмайтынын, тиісті шаралар алынатынын жеткізді.

А.Лукиннің айтуынша, бұл - оның БҚО-ға екінші рет келуі. Өткен жылы ақпан айында 34 адамды қабылдап, олардың арыз-шағымы тексерілген екен. Биылғы шағымдар да «Нұр Отан» партиясы мен агенттіктің бақылауында болмақ.

Аталмыш шара «Нұр Отан» ХДП мен аталмыш агенттік арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында жүзеге асырылуда.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.