КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.03.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 12:10
Қазақстанның Мұнай және газ министрлігі құрылды
 АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда Мұнай және газ министрлігі құрылды. Оны бұрынғы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің басшысы Сауат Мыңбаев басқарады.  Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен  өтіп жатқан Индустриялық даму мәселері жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мұнай-газ секторын дамыту саясатын жүзеге асыру үшін және онымен қандай да бір нақты министрлік шұғылдануы үшін біз Мұнай және газ министрлігін құрамыз», деді отырыста Президент.

 Елбасының айтуынша, бұл министрлік  «ҚазМұнайГаз» компаниясын мемлекеттің және коммерциялық мүдделердің қайшылығын тудыратын өзіне тән емес функциялардан босатуға мүмкіндік береді.

 «ҚазМұнайГаз» компаниясының қызметі тек қана коммерциялық сипатта болуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана «ҚазМұнайГаз» халықаралық деңгейдегі  корпорация  бола алады», деді Мемлекет басшысы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.