КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.33.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 12:15
Алматыда Орталық Азия мен Еуропа тарихының тұжырымдамалық мәселелері туралы конференция өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда "Ықпалдастық пен қайта құру үрдісіндегі Орталық Азия мен Еуропа тарихының тұжырымдамалық мәселелері" деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің тарих факультетінде өтіп жатқан бұл  шара Қазақстандағы Германия жылына арналған. Мақсат - қайта құру мен ықпалдастық жағдайында тарихи даму мен халықаралық қатынастардың жетекші ұстанымдары мен болашағын талдау және  ғылым, білім байланысын дамытуға үлес қосу. Конференция жұмысы: "Шығыс пен батыстың мемлекеттік құрылымдарындағы этносаяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістер", "Еуразиялық  идеологиясы: тарихи- мәдени мәселелері мен перспективасы", " Көшпелі өркениет және Қазақстан: саясат, қоғамдастық, рухани даму" деген секциялар бойынша өтуде. Қазақстан, Ресей және Германия елдерінің 100-ге жуық ғалымдары бас қосқан бұл алқалы жиын барысында  "Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы және Қазақстанның интеллектуалдық элитасы" деп аталатын дөңгелек үстел болады деп  жоспарланып отыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.