КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.22.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 10:18
Қазақстан Болон процесіне қосылды - Будапешт
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат  -  Отандық  білім беру  жүйесін дамыту  жөніндегі  Елбасы тапсырмаларын,  сондай-ақ «Еуропаға жол»   ұлттық бағдарламасының  баптарын  жүзеге асыру  аясында   наурыздың 11-інде Будапеште  өткен   Болон   министрлер форумы мәжілісінің     барысында Қазақстан    Болон   процесіне қосылды. 

ҚазАқпаратқа  бұл туралы  Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінен   хабарлады.

Қазақстандық  білім   беру  жүйесі  үшін   тарихи бұл оқиға  біздің еліміздің   Еуропалық жоғарғы білім аумағына  кіруінің   бастамасы  болып табылады. 

Қазақстанның  қосылуы туралы  шешімді      Болон  декларациясына қол қойған   46 елдің     өкілдері  бірауыздан  қолдады.     Форумда сөз сөйлеген    Қазақстанның    Білім және ғылым министрі Жансейіт   Түймебаев  Қазақстанды   Болон   үдерісіне  қосу  туралы   оң   шешімнің  қабылдануы   біздің елімізде   жоғары  білім саласында жүргізіліп жатқан реформаларға    еуропалық академиялық топтар тарапынан берілген  жоғары  баға  болып  табылады деді.

Болон   үдерісіне  қосылу  қазақстандық жоғары  оқу  орындарына  отандық білім     беру бағдарламаларын  еуропалық стандарттарға сәйкестендіру,    қазақстандық  біліктіліктер мен академиялық  сатыларды  тану,    студенттер мен   оқытушылардың  академиялық   икемділігін   қамтамасыз  ету,     қазақстандық дипломдардың    Еуропада   танылуы  және     түлектердің  шетелдерде  жұмысқа   тұру мүмкіндіктерін  кеңейту   сияқты     бірқатар басымдықтар береді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.