|
12 Наурыз 2010, 10:09 Ақмола облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 3 258 адамның конституциялық құқын қорғады КӨКШЕТАУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық прокуратурасының араласуымен жылдың алғашқы екі айында 125 миллион теңге жалақы борышы өтеліп, 3 258 адамның конституциялық құқы қорғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы уақыт аралығында еңбек заңын бұзуына қатысты 3 жұмыс берушінің үстінен әкімшілік іс қозғалып, 6 хаттама мен заңсыздықты ретке келтіруге орай 4 ұсыныс жасалған. «Степногор су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 380 жұмысшысының 9 миллион теңге еңбекақы берешегі өндірілген. Аршалы аудандық прокуратурасының араласуымен «Агрофирма Бірсуат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 129 қызметкерінің, «Самалик» серіктестігінің 21 жұмысшысының бір жарым миллион теңге жалақы қарызы қайтарылды. Сондай-ақ Есіл ауданында «Торғай ауыл шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өткен жылғы 4,5 миллион жалақы борышын өтеулеріне тура келді. Заңсыздыққа жол берген лауазым иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға хаттама табысталды. Пiкiрлер (0)
|
|