КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.24.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 09:08
Біржан сал атындағы музыка колледжінде жас өнерпаздар байқауында 37 үміткер бақ сынасты -Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетаудағы Біржан сал атындағы музыка колледжінде өткен жас өнерпаздардың 44-ші облыстық байқауында республикалық сайысқа қатысушылар анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Өнер додасында 37 оқушы мен музыка және өнер мектептерінен алты хор ұжымы қатысып, бақтарын сынады. Бұл жолы тоғыз аудан мен Көкшетау, Степногор қалаларынан келген жас әншілер мен орындаушылар шеберліктерімен көзге түсті. Байқау шартына сәйкес әр үміткер Бах, Бетховен, Гайда, Моцарт, Шопеннің шығармаларын орындаулары тиісті болса, қатысушылардың қай-қайсысы болмасын талап биігінен көріне алды. Қазылар алқасының ұйғарымымен жас ерекшеліктеріне қарай көкшетаулық Тихан Максимчев, Дария Русакова мен Полина Маслова, шортандыдан Ұлықбек Орақбаев, Көкшетау балалар музыка мектебінің хор ұжымы бас жүлдені еншілеп, республикалық байқауға жолдаманы жеңіп алды. Жүлдегерлер диплом және мақтау қағаздарымен марапатталды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.