|
12 Наурыз 2010, 08:53 Дрезденде Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Дрезден қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Консулдықтың қызметі Германияның Саксония және Саксония-Ангаоль федеральдық жерлеріне таралатын болады, деп хабарлады сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметінен. Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов Қазақстанның жаңа өкілі Йохим Энгельманға консульдық патент табыс етті және Қазақстан мен Германияның екіжақты қарым-қатынастарын кеңейту ісінде табыстар тіледі. Консулдықтың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Саксонияның премьер-министр орынбасары және экономика, еңбек және көлік министрі Свен Морлок, Қазақстанмен ынтымақтастықтың мол әлеуетін атап көрсетті. Министр саксониялық кәсіпкерлерді орталықазиялық мемлекетпен қарым-қатынас орнатуға шақырып, қарым-қатынастар орнатуда және бірлескен жобаларды жүзеге асыруда бүгінгі ашылып отырған консулдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Пiкiрлер (0)
|
|