КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.17.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
12 Наурыз 2010, 08:28
БҚО-дағы тәртіптік кеңес отырысында бірнеше мемқызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру ұсынылды
ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің наурыздың 11-і күнгі отырысында мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік істері қаралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен Орал қаласына қарасты Деркөл кенттік округінің әкімі Тимур Ашығалиевтің есебі тыңдалып, тәртіптік кеңестің тексеру қорытындысына сәйкес аталған әкімдікте бірқатар кемшіліктердің орын алғаны атап көрсетілді. Мәселен, М.Юсупов білімі сәйкес келмесе де, кадрлар резервіне ұсынылып кеткен. Сол сияқты қызметкерлерді аттестациядан өткізу, сыйақы беру, жеке еңбек шартын жасауда да тиісті заң талаптары сақталмаған. Осы кенттік округ әкімінің орынбасары, конкурстық комиссия төрағасы Жасболат Файзуллинге ескерту түріндегі тәртіптік жаза беру ұсынылды.

Тәртіптік кеңес ұсынысын уақтылы қарамау немесе тиісті шара алмау да заңбұзушылыққа әкеліп соғады. Бұған Теректі ауданы әкімі Алексей Горобцов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Тоғызбаевтың істері дәлел бола алады. Өткен жылы тәртіптік кеңес сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылыққа барғаны үшін осы аудандағы білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Асқарованы қызметінен босату туралы ұсыныс жасаған болатын. Аудан әкімдігі бұл мәселені мезгілінде қарамағаны өз алдына, ақыры Г.Асқарованы өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатқан. Сондықтан БҚО прокуратурасына Теректі ауданы әкімі А.Горобцовқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 537-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғау туралы ұсыныс жасалса, А.Тоғызбаевқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілетін болды. БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Валихан Разовқа да осындай жаза беру ұсынылды. ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті анықтағанындай, аталмыш басқармада жемқорлыққа жол беретін жағдайлар орын алған. Тіпті басқарманың сыртқы экономикалық байланыс және лицензиялау бөлімінің бұрынғы бастығы Р.Әділов ішімдік өнімдерін сатуға лицензия бергені үшін заңсыз сыйақы алып, Орал қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 177-бабы 2-бөлімі «в» тармағына сәйкес айыпты деп танылып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылып тынды. Бұл қылмыстық іс-әрекеттен В.Разов та хабардар болған. Сондай-ақ тәртіптік кеңес мекемедегі заңбұзушылықтарға дер кезінде тосқауыл қоймағаны үшін басқарма бастығы Руслан Сапарғалиевке мемқызметшілердің Ар-намыс кодексіне сәйкес сөгіс беру туралы облыс әкіміне ұсыныс жасады.

Отырыста БҚО құрылыс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқықбұзушылық орын алғаны атап өтілді. Айталық, Орал қаласындағы 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасы құрылысы жобалау-сметалық құжаттамасына қатысты жұмыстарды атқарған «Архдизстрой» ЖШС-ына 28,9 млн. теңге артық төленген. Осыған байланысты сметалық-келісімшарттық құжаттама және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бұрынғы бастығы А.Ерімбетовтің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ал облыстық басқарма бастығы болып өткен жылғы қазанда тағайындалған Нұрлан Мырзағалиев аталған нысан бойынша қалған 8 миллионнан астам теңгені келісімшартқа сәйкес аударып жіберген. Бұл іс мәні бойынша шешім қабылдау үшін облыс әкіміне жолданды.

Тәртіптік кеңес БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мәліметі негізінде жеке адамға қой етін сатуға рұқсат беретін малдәрігерлік анықтама беріп, сол «қызметі» үшін 500 теңге алған ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитеті Орал қалалық инспекциясының жетекші маманы-мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы Мақсот Бекқалиевке, сондай-ақ қоғамдық орында мемлекеттік қызметшіге сай емес мінез-құлық көрсетіп, Жаңақала ауданының тұрғыны КАхонованы балағаттаған аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Тимур Мұратовқа және азаматтардың арыз-шағымын уақтылы қарамағаны үшін Орал қаласы салық басқармасының бас маманы Өркен Бектеновке істі барынша толық талдай келе қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беруді жөн деп тапты. Бұл оларға берілген соңғы мүмкіндік десе де болады. Ал салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерін дер кезінде орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартпаған Орал қаласы салық басқармасының мамандары Гүлбаршын Садықова, Бекжан Сисенов, Бауыржан Нұрмұханов және Ольга Тухватуллинаға ескерту беру ұсынылды. Мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылыққа бір жыл ішінде екінші рет барса, қызметінен босатылады. Сондықтан бұл да аз жаза емес.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.